18.12.2008

Баға ұсыныстарын сұрау әдісімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру

Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы «Астана-Ырыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан былай «Астана-Ырыс» ЖШС), пошталық мекен-жайы: 010000, Астана қ., Иманов к. 19, 7-ші қабат, 709 бөлме («Алматы» іскерлік үйі), электрондық мекен-жайы: astanayrys@mail.ru «Астана қаласында 6 (алты) сауда-саттық павильондарының құрылысы» қызметі мына лоттар бойынша баға ұсыныстарын сұрау әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жариялайды:

Лот-тың № Тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы Өл. бір. Мөлшері
1 Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Құдайбердіұлы және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы мекен-жайы бойынша сауда-саттық павильонының құрылысы дана 1
2 Астана қаласы, «Сары-Арқа» ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, (№ 109 тұрғын үй) мекен-жайы бойынша сауда-саттық павильонының құрылысы дана 1
3 Астана қаласы, «Сары-Арқа» ауданы, Көктал-2 шағын ауданы, Құсмұрын көшесі (№ 21/1 тұрғын үй) мекен-жайы бойынша сауда-саттық павильонының құрылысы дана 1
4 Астана қаласы, «Алматы» ауданы, 2 шағын аудан, (№ 4 тұрғын үй) мекен-жайы бойынша сауда-саттық павильонының құрылысы дана 1
5 Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Ильинка шағын ауданы, (№ 36 жер тілімі) мекен-жайы бойынша сауда-саттық павильонының құрылысы дана 1
6 Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Төлебаев және Бурабай көшелерінің қиылысы мекен-жайы бойынша сауда-саттық павильонының құрылысы дана 1

Қызметтерді көрсететін орын: 010000, Астана қ., Иманов к. 19, 7-ші қабат, 709 бөлме («Алматы» іскерлік үйі), қызмет көрсету мерзімі – 2009 жылдың 15 ақпанына дейін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережелеріне» сәйкес рәсімделген баға ұсыныстары мына мекен-жай бойынша: 010000, Астана қ., Иманов к. 19, 7-ші қабат, 709 бөлме («Алматы» іскерлік үйі) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.

Жұмыс жобасының көшірмесін жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша тегін алуға болады.

Ықтимал өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсыну соңғы мерзімі 2008 жылдың 25 желтоқсаны сағат 18.00-ге дейін.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес баға ұсыныстарына қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығындар еңгізілуі қажет.

Шартқа қол қоюды талап ететін мерзім: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

Анықтамалар мына тел. Бойынша: 8-(7172) 78-71-29 (факс).

ҚосымшаКөлемі
келісім-шарт жобасы28.88 KB
итоги4.72 KB