20.02.2009
Баға ұсыныстарын сұрау әдісімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру
Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы «Астана-Ырыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан былай «Астана-Ырыс» ЖШС), пошталық мекен-жайы: 010000, Астана қ., Иманов к. 19, 7-ші қабат, 709 бөлме («Алматы» іскерлік үйі), электрондық мекен-жайы: astanayrys@mail.ru «Астана қаласы Теміржолжылар тұрғын массивінің Маяковский көшесі бойындағы (№ 5а үйдің аймағы) сауда-саттық павильонының құрылысы» қызметі бойынша баға ұсыныстарын сұрау әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жариялайды.
Қызметтерді көрсететін орын: Астана қаласы, қызмет көрсету мерзімі – 2009 жылдың 10 наурызға дейін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережелеріне» сәйкес рәсімделген баға ұсыныстары мына мекен-жай бойынша: 010000, Астана қ., Иманов к. 19, 7-ші қабат, 709 бөлме («Алматы» іскерлік үйі) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.
Жұмыс жобасының көшірмесін жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша тегін алуға болады.
Ықтимал өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсыну соңғы мерзімі 2009 жылдың 27 ақпаны сағат 18.00-ге дейін.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес баға ұсыныстарына қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығындар еңгізілуі қажет.
Шартқа қол қоюды талап ететін мерзім: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.
Анықтамалар мына тел. Бойынша: 8-(7172) 78-71-29 (факс).
Қосымша | Көлемі |
---|---|
келісім-шарт жобасы | 28.76 KB |
решение | 4.68 KB |