04.12.2008

Баға ұсыныстарын сұрау әдісімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру

Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы «Астана-Ырыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан былай «Астана-Ырыс» ЖШС), пошталық мекен-жайы: 010000, Астана қ., Иманов к. 19, 7-ші қабат, 709 бөлме («Алматы» іскерлік үйі), электрондық мекен-жайы: astanayrys@mail.ru «Жер бөліктерін бөлу туралы Жергілікті атқарушы орган - Астана қаласы Әкімдігінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 37-1300п “Уақытша нысандарды орналастыру үшін 7 жер учаскесін жалға алу құқын беру туралы” қаулысына сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алумен, Астана қаласында 7 (жеті) сауда-саттық павильондарының құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар жасау» қызметі бойынша баға ұсыныстарын сұрау әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы жариялайды.

Қызметтерді көрсететін орын: 010000, Астана қ., Иманов к. 19, 7-ші қабат, 709 бөлме («Алматы» іскерлік үйі), қызмет көрсету мерзімі – 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережелеріне» сәйкес рәсімделген баға ұсыныстары мына мекен-жай бойынша: 010000, Астана қ., Иманов к. 19, 7-ші қабат, 709 бөлме («Алматы» іскерлік үйі) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.

Ықтимал өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсыну соңғы мерзімі 2008 жылдың 12 желтоқсаны сағат 18.00-ге дейін.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес баға ұсыныстарына қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығындар еңгізілуі қажет.

Шартқа қол қоюды талап ететін мерзім: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес.

Анықтамалар мына тел. Бойынша: 8-(7172) 78-71-29 (факс).

ҚосымшаКөлемі
техникалық спецификация4.32 KB
келісім-шарт жобасы29.02 KB
Баға ұсыныстарын сұрау әдісімен сайтты ашу қызметтерін мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хабарлама4.95 KB